Баглан Жақанша Моңғолияда ММА-ден жекпе-жек өткізеді

Баглан Жаканша. Фото: Olympic.kz
Қазақстандық ММА спортшысы Баглан Жақанша (6-1) 27 сәуір күні Улан-Батор қаласында өтетін Nomadic Fighting Championship атты жаңа моңғол лигасының алғашқы турнирінде жекпе-жек өткізеді.
Оның қарсыласы – жергілікті файтер Алгирмаа Тэмуулэн. Бұл спортшының кәсіби мансабында 7 жеңіс пен 8 жеңіліс бар. Қарсыласу ең жеңіл салмақта өтеді деп күтілуде.
Жақанша соңғы рет 2024 жылдың қарашасында Алматыда өткен Naiza FC 69 турнирінде ирандық Арун Бистаны техникалық нокаутпен жеңіп, жарқын жеңіске жеткен еді.