Азат Мақсұм үшін ауыр жеңіліс: Уланбековтен ұтылды

Азат Максум

Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық файтер Азат Мақсұм (15-1) UFC-дегі үшінші жекпе-жегін Бакуде өткен UFC on ABC 8 турнирінде өткізді, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Оның қарсыласы ресейлік Тагир Уланбеков (16-2) болды.

Аса жеңіл салмақтағы айқас үш раундқа созылды. Төрешілер шешімімен жеңіс Уланбековке бұйырды. Бұл – Мақсұмның кәсіби мансабындағы екінші, ал UFC-дегі негізгі кард аясындағы алғашқы жеңілісі.

Нәтижесінде, Азаттың UFC-дегі статистикасы – бір жеңіс, екі жеңіліс. Ал Уланбеков алтыншы мәрте UFC-де жеңіске жетіп, жалпы есепте 17-інші жекпе-жегін сәтті аяқтады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру