«Атырауда» өзгеріс: Қуаныш Қабдулов бас бапкер қызметінен кетті

Куаныш Кабдулов. Фото: kazfootball.kz
37 жастағы қазақстандық маман Қуаныш Қабдулов өз еркімен «Атырау» клубының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы қызметінен кетті.
Ол командаға қиын кезеңде, клубтың бас менеджері Дидар Сыдықбектің өтінішімен келген болатын. Қабдуловтың жетекшілігімен «мұнайшылар» чемпионат аясында алты ойын өткізді.
Қуаныш Кенжалыұлы клуб құрылымынан кетпейді, бұрынғы қызметі – QJ League жобасының үйлестірушісі ретінде жұмысын жалғастырады.
«Атырау» футбол клубы маманға атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы жұмысына табыс тіледі.
Алдыңғы мақала:
ҚФФ құрылымында үлкен өзгеріс: ПФЛК мүшеліктен шығарылды, Исполком жаңардыКелесі мақала:
Модрич енді Мессимен бірге ойнауы мүмкін
