«Атырау» клубы қаржылық тексерістен өтіп жатыр

ФК «Атырау»

ФК «Атырау». Фото: Kazfootball.kz

«Атырау» футбол клубының қаржылық ахуалына жүргізілген аудиттің алғашқы нәтижелері белгілі болды. Жыл басында клуб қайтадан мемлекет қарамағына өткен болатын. Қазір барлық қаржы шығындары тендер арқылы өтеді, ал бақылау облыстық спорт басқармасының құзырында.

Ерекше назар легионерлер мен әкімшілік қызметкерлердің жалақысына аударылған. Бюджеттен шетелдік ойыншыларға ақша төлеуге тыйым салынғанымен, клуб сегіз легионермен келісімшарт жасап үлгерген. Құжат жүзінде олардың айлығы 200 мың теңге болып көрсетілсе, іс жүзінде үш миллион теңгеге дейін жеткен. Сонымен қатар, бапкерлер мен әкімшілік құрам жалақыларын бірнеше есеге көтеріп алған. Ал команда футболшылары қаңтардан наурызға дейін еңбекақы алмаған.

Бұған қоса, клуб УЕФА-дан келетін қаражатты алдын ала есепке алып, екі несие рәсімдеген – бірі 25 миллион, екіншісі 73 миллион теңге. Бірінші қарыз қайтарылды, ал екінші қаржы спорттық құрал-жабдық алуға жұмсалған. Бұл келісім бойынша да тексеріс әлі аяқталған жоқ. Билік өкілдері «Атыраудың» мемлекеттік мекеме ретіндегі мәртебесі уақытша екенін айтып отыр – жыл соңына дейін клубты қайтадан жеке инвестордың қарауына беру жоспарланып отыр.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді