Асу Алмабаев UFC рейтингінде бір саты төмендеді

Асу Алмабаев
UFC жаңартылған рейтингтерін жариялады. Асу Алмабаев Манел Капеге есе жібергеннен кейін найлегчай салмақта сегізінші орыннан тоғызыншы орынға түсті.
Оның орнын австралиялық Стив Эрцег басса, Капе өз позициясын сақтап, алтыншы орынға тұрақтады. Дивизион чемпионы – бразилиялық Алешандре Пантожа.
Алмабаев пен Капе арасындағы жекпе-жек 2 наурызда UFC Fight Night 253 турнирінде өтті. Анголалық файтер үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Кездесу барысында Капе қазақстандық спортшының көзіне саусағын тигізіп, бұл жанкүйерлер арасында үлкен пікірталас туғызды. Бұл Алмабаевтың UFC-дегі алғашқы жеңілісі болды.