Асу Алмабаев UFC-де өзбек файтерімен кездеседі

Асу Алмабаев

Асу Алмабаев. Фото: PX Imagens via ZUMA Press Wire

Қазақстандық UFC спортшысы Асу Алмабаевтың бапкері Эдуард Базров Sports.kz сайтына берген сұхбатында шәкірті өзбекстандық Рамазан Темировпен айқасатынын растады.

«Иә, бұл ақпарат рас. Кеше бізге қарсылас туралы хабарлады», — деді бапкер.

Бұл жекпе-жек 26 шілде күні Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирінде өтпек. 31 жастағы Алмабаев соңғы жекпе-жегінде UFC кешінің басты айқасында өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық атанған еді, бірақ Манель Капеден жеңілген. Қазіргі таңда оның ММА-дегі көрсеткіші — 21 жеңіс, 3 жеңіліс, UFC-де — 4 жеңіс пен 1 жеңіліс.

28 жастағы Темировтың кәсіби рекорды — 19 жеңіс, 3 жеңіліс. UFC-де ол екі мәрте жеңіске жеткен. Айта кетерлігі, Рамазан бұған дейін үш рет қазақстандық қарсыластармен айқасқан: 2019 жылы Талғат Жұмағалиевтен жеңіліп, 2021 жылы Жұмағалиев пен Сатбек Есенгельдинді ұтқан.

Қазір UFC рейтингінде Алмабаев сегізінші орында тұрса, Темиров 13-орында. Бұл кездесу жанкүйерлер үшін аса тартысты әрі қызықты болары анық.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Янв - 15:15 ММА
Диас Өтеген ONE Championship лигасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
17 Янв - 10:32 ММА
Николай Веретенников UFC Vegas 113 турнирінде октагонға қайта оралады
14 Янв - 10:33 ММА
Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасының үздік үш жауынгерінің қатарына енді
13 Янв - 12:23 ММА
Еркебұлан Тоқтар OCTAGON лигасында Шахзод Узоковпен жекпе-жек өткізуге келісімшарт жасасты
12 Янв - 16:37 ММА
Хамзат Чимаев Алекс Перейраны жекпе-жекке шақырды
09 Янв - 21:27 ММА
Еркебұлан Тоқтар Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізуді мақсат етті
07 Янв - 09:08 ММА
Конор Макгрегор Флойд Мейвезермен ММА ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді
06 Янв - 11:11 ММА
Камил Гаджиев Жалғас Жұмағұловтың Fight Nights Гран-приіне қатысуы мүмкін екенін айтты
04 Янв - 10:00 ММА
Джон Аник UFC-дің Ақ үйде өтетін дебюттік турнирінің ықтимал қатысушыларын атады
03 Янв - 10:00 ММА
Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасының P4P рейтингінде үздік төрттікке енді