Асу Алмабаев UFC-де Абу-Дабиде қайта октагонға шығуы мүмкін

Асу Алмабаев

Асу Алмабаев. Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық ММА спортшысы Асу Алмабаев шілденің 26-сы күні Абу-Дабиде өтетін UFC турнирінде келесі жекпе-жегін өткізуі мүмкін деген ақпарат тарады.

Қазіргі таңда турнирге қатысатын спортшылар мен жекпе-жек жұптары ресми түрде жарияланған жоқ. Белгілісі — UFC Fight Night кеші Etihad Arena аренасында өтеді және жаздың ең маңызды шараларының біріне айналмақ.

Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC-де кештің басты жекпе-жегіне шыққан тарихтағы алғашқы қазақ спортшысы ретінде есте қалған болатын. Оның октагонға оралуы жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық туғызып отыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру