Асу Алмабаев: «Қазақстанның атынан шығу – үлкен жауапкершілік»

Асу Алмабаев

Асу Алмабаев

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев мансабындағы маңызды жекпе-жек алдында өз ойымен бөлісіп, ел намысын қорғаудың қаншалықты маңызды екенін айтты.

«Мен үшін де, Шавкат Рахмонов үшін де бұл – үлкен абырой. Әлемнің ең мықты лигасында Қазақстанның туын көтеруді Олимпиадада алтын алуымен салыстыруға болады. Бұл жай ғана айқас емес, бұл – елімізге деген мақтаныш», — деді Алмабаев.

2 наурызда ол Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 253 турнирінің басты жекпе-жегіне шығады. Қарсыласы — Анголадан келген Манел Капе. Алмабаев жарақатына байланысты кездесуге қатыса алмайтын Брэндон Ройвалдың орнына октагонға көтеріледі.

Бұл айқас отандық ММА тарихына енері сөзсіз. Асу Алмабаев — UFC турнирінде басты жекпе-жекті өткізетін алғашқы қазақстандық спортшы. Егер жеңіске жетсе, бұл оның мансабындағы маңызды қадам болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру