Асу Алмабаев: «Капені жеңсем, титулдық жекпе-жекке бір қадам жақындаймын»

Асу Алмабаев

Асу Алмабаев

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев алдағы демалыста Манел Капені жеңсе, чемпиондық белбеуге бір табан жақындайтынына сенімді.

Алмабаев пен Капе UFC Vegas 103 турнирінің басты жекпе-жегінде кездеседі. Турнир 1 наурызда Лас-Вегаста өтеді (Қазақстан уақытымен 2 наурыз таңертең).

— Бұл мен үшін керемет мүмкіндік. Бастапқыда басқа қарсыласқа дайындалып жүрген едім, бірақ кард өзгеріп, басты жекпе-жекке шығу бұйырды. Бұл өзімді көрсетуге, керемет жекпе-жек өткізуге және титулға жақындай түсуге берілген үлкен мүмкіндік. Ең маңыздысы — мықты өнер көрсетіп, жеңіске жету, — деді Асу UFC-ге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бұл кездесуге дайындық барысында қарсыласы бірнеше рет өзгерген. Алғашында Стив Эрцегке қарсы жаттыққан, алайда ол жекпе-жектен бас тартты. Кейін бразилиялық файтер ұсынылған. Ал Брэндон Ройвал жарақатына байланысты турнирден шығып қалған соң, Алмабаев менеджеріне: «Маған осы мүмкіндікті беріңдер!» деп, басты жекпе-жекке сұранған.

— Бұл бес раундтық жекпе-жек, мен өзімнің барлық шеберлігімді көрсетуге дайынмын. Сондай-ақ, бұл кездесудің титулдық үміткерді анықтайтын жекпе-жек болуы мүмкін екенін естідім. Егер жеңсем, чемпиондық белбеуге таласатын үміткерлердің қатарына қосыламын. Сондықтан бұл жекпе-жек мен үшін өте маңызды, — деді Алмабаев.

Айта кетейік, қазір UFC-дің ең жеңіл салмақтағы чемпионы бразилиялық Алешандре Пантожа.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
06 Дек - 16:47 ММА
Конор Макгрегор UFC-дегі үшінші чемпиондық атаққа қол жеткізуді мақсат етіп отырғанын мәлімдеді
04 Дек - 15:51 ММА
Қаршыға Дәуітбек Rizin турнирінде жылды қорытындылайды
04 Дек - 12:05 ММА
Алмахан Дубайдағы жекпе-жектен кейін рейтингте төмендеді
02 Дек - 09:18 ММА
Қуат Хамитов Зубайра Тухуговпен бокс жекпе-жегін ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасады
30 Ноя - 11:44 ММА
Балғын Жеңісұлы Нұрбек Қабдрахмановтан есе қайтарып, Naiza FC лигасының жаңа чемпионы атанды
26 Ноя - 16:43 ММА
Жұман Жұмабеков NAIZA 78 турнирінде жекпе-жек өткізеді
25 Ноя - 18:58 ММА
Әли Абдель-Азиз Ислам Махачевтің келесі қарсыласын атады
25 Ноя - 17:04 ММА
DAR Team бас бапкері Шавкат Рахмоновтың UFC рейтингіндегі орнын бағалады
25 Ноя - 15:36 ММА
Алматы 2026 жылы UFC турнирін өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр
25 Ноя - 12:33 ММА
Жалғас Жұмағұлов UFC чемпионы Пантожамен бірлескен жаттығу өткізді