Астанадағы тартыс: Team Spirit жеңіске жетті

Team Spirit. Фото: Championat
Астанада 18 мамыр күні Counter-Strike 2 ойыны бойынша өткен ең ірі халықаралық турнир – PGL Astana 2025 өз мәресіне жетті. Бұл – соңғы алты жылда ТМД мен Орталық Азияда офлайн форматта өткен ең ауқымды киберспорт додасы. Турнир 10 мамырда басталып, әлемнің үздік сегіз командасын жинады.
Аяқ алысы мықты Team Spirit финалда Astralis командасын тізе бүктіріп, чемпион атанды. Жарыстың ең үздік ойыншысы атағын 17 жастағы donk иеленді. Ол осы арқылы киберспорттағы жарық жұлдыз екенін тағы бір дәлелдеді. Жүлде қоры 1 250 000 АҚШ долларын құрады.
Қазақстандық жанкүйерлер үшін басты жаңалықтардың бірі — Данил «molodoy» Голубенконың төрттікке енуі болды. FURIA сапында өнер көрсеткен ол әріптестерімен бірге қола жүлде үшін тартыста Aurora Gaming командасынан жеңіліп қалды.