Астанада Республика Кубогынан соң ұлттық құрама жасақталады

Сборная Казахстана по борьбе

Фото: Olympic.kz

24–30 мамыр күндері Астанада ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Кубогы өтеді. Жарыс Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде ұйымдастырылады.

Бұл турнирге еліміздің барлық өңірінен және республикалық маңызы бар қалалардан келген мыңға жуық балуан қатысады. Биылғы бәсекенің басты мақсаты – ұлттық құрама сапына іріктеу.

Сондықтан жарысқа халықаралық аренада ел намысын қорғаған тәжірибелі спортшылар да қатысады. Олардың арасынан алдағы әлем чемпионаттарына жолдама алатын мықтылар анықталады.

Алғашқы болып бозкілемге еркін күрес шеберлері шығады. Одан кейін әйелдер жарысады. Ал турнирдің соңғы күндері грек-рим күресіне арналады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Мар - 23:26 Күрес
Әділет Алмат Линцтегі дзюдодан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды
06 Мар - 21:25 Күрес
Шерзод Давлатов – Аустриядағы Гран-придің қола жүлдегері
05 Мар - 08:13 Күрес
Дзюдодан Австриядағы Гран-при: Әбиба Әбужақынованың татамиге оралуы
02 Мар - 20:34 Күрес
Төрт алтын: қазақстандық балуандар Албаниядағы турнирде қанша медаль жеңіп алды
01 Мар - 08:44 Күрес
Мейіржан Шермаханбет Тиранадағы Muhamet Malo турнирінде алтын медаль иеленді
27 Фев - 09:00 Күрес
Лаура Алмағанбетова мен Зейнеп Баянова күрестен Албаниядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
26 Фев - 21:45 Күрес
Азамат Дәулетбеков пен Ризабек Айтмұхан Албаниядағы турнирде қола медаль иеленді
26 Фев - 08:28 Күрес
Еркін күрес шебері Болат Сақаев Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды
17 Фев - 15:11 Күрес
Күрестен Албанияда өтетін турнирге қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
17 Фев - 13:29 Күрес
Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады