Асхат Тағыберген құрамамен қош айтысты: «Енді жастарға жол беру керек»

Асхат Тагыберген

Фото: PA Images via Getty Images

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген құрама сапындағы мансабын аяқтағанын жариялады. Бұл шешімін ол Солтүстік Македониямен өткен ойында мәлім етті.

«Бұл – менің құрамадағы соңғы ойыным. Мұндай шешімді өзім қабылдадым. Барша жанкүйерлерге алғысым шексіз. Мен құрамада алғаш рет 2014 жылы ойнадым. Осы 11 жыл бойы қолдау білдіргендеріңізге рақмет. Ұлттық құраманың бір бөлігі болып, капитан болу – үлкен мәртебе. Әрине, жастарға жол беру керек. Мен олардың құраманы Еуро мен әлем чемпионатына алып шығатынына сенемін. Алға, Қазақстан», – деді Тағыберген.

Ол ұлттық құрамада 63 матч өткізіп, 3 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді. Бұл кездесу ойыншы үшін қоштасу матчы болды.

Сол күні Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы үй матчында Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен жеңілді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді