Artline Kazakhstan – Lamborghini Super Trofeo 2025 әлем чемпионы

Artline Kazakhstan

Фото: Artline Kazakhstan

Artline Kazakhstan командасы Италияның Мизано автодромында өткен Lamborghini Super Trofeo World Finals 2025 жарысында тарихи жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Қазақстандық экипаж құрамында Шота Абхазава мен Егор Оруджев болды. Олар Pro-Am санатында өнер көрсетті.

Финалдық жарыста біздің спортшылар сенімді қарқын көрсетіп, командалық үйлесімділіктің жоғары деңгейін дәлелдеді. 16 минут қалғанда Artline Kazakhstan көш бастады. Алайда қарсыластар арасындағы соқтығысудан кейін трассаға Safety Car шықты да, қарқын бәсеңдеп, артықшылықты арттыру мүмкіндігі шектелді.

Жарыс қайта жалғасқанда, соңғы алты минутта керемет шиеленіс орнады. Алдыңғы топта Элиас Де Ла Торре мен Хампус Эрикссон айқасса, олардың соңынан Пол Леве-Путера қысым жасады. Соңғы айналымда Эрикссон мен Путераның көліктері соқтығысып, нәтижесінде бірнеше экипаж позициясын жоғалтты. Алғашқы болып Путера мәреге жеткенімен, бейнеқайталаудан кейін төрешілер оның маневрін қауіпті деп танып, 5 секундтық жаза тағайындады. Осылайша, жеңіс ресми түрде De La Torre – Bamber (TR3 Racing) экипажына берілді. Pro-Am санатында жеңіс Chris van der Drift пен Todd Kingsford еншісінде болды.

Сонымен қатар, жарыс нәтижелері қайта қаралған соң, қазақстандық Artline Kazakhstan экипажының әрекеттері дұрыс деп танылып, команда ресми түрде әлем чемпионы және Lamborghini Super Trofeo World Finals 2025 додасының алтын кубогының иегері атанды.

Бұған дейін Artline Kazakhstan осы серияның еуропалық финалында күміс медаль алған еді. Мизанодағы бұл жеңіс маусымның ең жарқын сәтіне айналып, Қазақстан автоспортының халықаралық беделін одан әрі арттырды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Фев - 21:43 Басқа
Қазақстан құрамасы Олимпиаданың екінші күнін жүлдесіз аяқтады
08 Фев - 14:55 Басқа
«FURIA Esports» IEM Krakow 2026 финалына жолдама алды
07 Фев - 21:36 Басқа
Конькимен жүгірушілер Надежда Морозова мен Елизавета Голубева 2026 жылғы Олимпиадада үздік ондыққа енді
07 Фев - 18:08 Басқа
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын бастады
07 Фев - 01:21 Басқа
Италияда қысқы Олимпиада-2026 ойындарының ашылу салтанаты өтті
06 Фев - 22:55 Басқа
Руслан Құрбанов Германиядағы әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
06 Фев - 10:56 Басқа
Қысқы Олимпиада-2026 Италияда басталады: ашылу салтанаты Миланда өтеді
05 Фев - 19:31 Басқа
Ресми: Алматыда 2029 жылғы қысқы Азия ойындары өтеді
03 Фев - 14:55 Басқа
Қазақстандық шорт-трекші жасөспірімдер арасындағы әлемдік рекорд орнатты
03 Фев - 09:33 Басқа
Алматы 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарының қабылдаушы қаласы болып бекітілді