Арнольд Кнауб «Семейге» ауысады

Арнольд Кнауб

Фото: FIFA via Getty Images

Қазақстан футзал құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб мансабын МФК «Семей» сапында жалғастырады. Алматылық «Қайрат» 30 жастағы футзалшымен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Екі маусым қатарынан «Қайрат» жейдесін киген Кнауб әлеуметтік желідегі парақшасында клубқа алғысын білдіріп, бұл кезеңнің аяқталғанын жазды. «Бұл екі маусымда жеңістер де, қиын сәттер де болды. Бірақ енді бұл бетті жабатын уақыт келді», – деді ол.

Арнольд қоштасу жазбасында: «Өкінбеймін, басымды тік ұстап, келесі тарауға көшемін. Командадағы әріптестеріме сәттілік тілеймін. Ал жанұям – менің ең үлкен жеңісім», – деп жазды.

Айта кетейік, 2024/2025 жылғы маусымда «Қайрат» финалда дәл осы «Семейді» 3:1 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
02 Авг - 12:17 Футбол
«Челсидің» жанкүйерлік парақшасы Уэлбектің трансфері Сатпаевқа қалай әсер ететінін бағалады
02 Авг - 08:11 Футбол
ФИФА УЕФА қарсылығынан кейін даулы жобадан бас тартты
01 Авг - 13:02 Футбол
«Арсенал» Винисиуспен келісімге келіп, «Реалға» ұсыныс дайындап жатыр
30 Июл - 23:11 Футбол
«Тобыл» пенальти сериясында жеңіске жетіп, Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
30 Июл - 20:45 Футбол
УЕФА ФИФА турнирлеріне бойкот жариялауы мүмкін екенін мәлімдеді
29 Июл - 23:11 Футбол
«Қайрат» қатарынан екінші маусымда еурокубоктың негізгі кезеңінде ойнайды
29 Июл - 22:39 Футбол
«Қайрат» драмалық матчта Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
29 Июл - 15:05 Футбол
ПСЖ Родри үшін «Реалмен» таласқа қосылды
29 Июл - 13:45 Футбол
«Қайрат» – «Омония» матчын қайдан көруге болады
29 Июл - 10:55 Футбол
«Ювентус» Джошуа Зиркзеені жалға алуға жақын