«Ақтөбе» Еурокубокпен қоштасты

ФК Актобе Георгий Жуков

Фото: LightRocket via Getty Images

Чехияда өткен Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіндегі жауапты ойында «Ақтөбе» прагалық «Спартадан» жеңілді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Кездесу «Летна» стадионында өтті. Қарсыластар алғашқы таймда есеп аша алмай, үзіліске 0:0 есебімен кеткен. Алайда екінші таймда алаң иелері жеті минуттың ішінде үш гол соғып, кездесудің тағдырын шешті. Соңғы голды төреші қосқан уақытта соқты.

Осылайша, «Ақтөбе» қос матч қорытындысы бойынша (1:6) Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінен әрі аса алмады.

«Спарта» (Прага, Чехия) — «Ақтөбе» (Қазақстан) 4:0 (0:0)
Голдар: Бирманчевич 57 (1:0), Рынеш 60 (2:0), Кухта 64 (3:0), Ррахмани 90+4 (4:0)
Алғашқы ойын: 2:1, «Спарта» пайдасына.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар