Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын медальді салды

Акмарал Ерекешева

Фото: НОК РК

Софияда (Болгария) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аясындағы жекелей жарыстардың финалдық кезеңі аяқталды.

Қазақстандық Ақмарал Ерекешева жарыс жеңімпазы атанды. Айта кетейік, гимнаст қыз үш финалға да бірінші орынмен өткен болатын. Ол қатысқан барлық финалда жүлдеге ілікті.

Оның еншісінде екі алтын және бір күміс медаль бар. Алдымен Ерекешева доппен орындалған жаттығуда үздік атанды. Кейін таспамен өткен финалда да жеңіске жетті.

Ал шығыршықпен орындалатын жаттығуда ол екінші орынға ие болды. Бұған қоса, Айғаным Рысбек ұршықтармен орындалатын жаттығу бойынша бесінші нәтижені көрсетті.

Айта кеткен жөн, Ақмарал Ерекешева – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен санаулы қазақстандық гимнастардың бірі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Мар - 21:03 Басқа
Монреальдағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды
07 Мар - 19:53 Басқа
Асылхан Асан фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
07 Мар - 17:35 Басқа
Надежда Морозова конькимен жүгіруден әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
07 Мар - 14:52 Басқа
Милад Карими Бакудегі әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
05 Мар - 10:02 Басқа
Еспелі слалом: қазақстандық Александр Куликов Таиландтағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
02 Мар - 12:57 Басқа
Юлия Галышева Олимпиада-2026 қорытындысын шығарып, мансабын аяқтау мүмкіндігін айтты
01 Мар - 14:45 Басқа
Бибісара Асаубаева FIDE рейтингінде үздік ондықтағы орнын нығайтты
26 Фев - 20:00 Басқа
Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа автокөлік сыйлады
25 Фев - 18:24 Басқа
Қазақстандық таеквондошылар Болгариядағы турнирде сынға түседі
25 Фев - 15:00 Басқа
Михаил Шайдоров әлем чемпионатының алдын ала тізіміне енбеді