АПЛ тарих жазуы мүмкін – келесі маусымда Чемпиондар лигасына 7 команда қатысуы ықтимал

АПЛ

АПЛ. Фото: Getty Images

Англия Премьер-лигасының клубтары UEFA Чемпиондар лигасына қатысушы командалар саны бойынша рекорд орнатуға жақын. Бұл жаңалық «Арсенал» клубының 1/4 финалдағы алғашқы матчта «Реалды» 3:0 есебімен жеңгеннен кейін белгілі болды.

Бұл жеңістен соң Англия 2025/2026 маусымындағы Чемпиондар лигасына бес клуб жіберу құқығына ие болды. Бұл – елдің еурокубоктағы тұрақты жоғары көрсеткіштерінің нәтижесі.

Алайда жағдай сәтті өрбіп жатса, бұл сан жетіге дейін артуы мүмкін. Ол үшін бірнеше шарт орындалуы керек: «Астон Вилла» биылғы маусымда Чемпиондар лигасын жеңіп алып, Англия чемпионатында бесінші орынды иеленуі қажет. Сонымен қатар, «Тоттенхэм» не «Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасында топ жарып, АПЛ-дегі үздік төрттікке кірмей қалса – жеті команданың Чемпиондар лигасында ойнауы мүмкін болады.

Егер осындай нәтиже тіркелсе, Англия Чемпиондар лигасы тарихындағы ең көп өкіл қосқан елге айналады. Бұл Премьер-лиганың Еуропадағы ең мықты чемпионат екенін тағы бір дәлелдейді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді