Алуа Нұрман Freestyle Chess Open-2026 турнирінде күміс жүлде алды

Алуа Нурман. Фото: Chess.com
Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман Германияда өткен Freestyle Chess Open-2026 турнирінде сегіз тур қорытындысы бойынша алты ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. 18 жастағы спортшы жарыс барысында тұрақты нәтиже көрсетті.
Әйелдер арасындағы есепте Нұрман екінші орынды иеленді. Турнир жеңімпазы үндістандық Харика Дронавали болып, ол қазақстандық шахматшыны қосымша көрсеткіштер бойынша басып озды. Үшінші орынды Германия өкілі Динара Вагнер иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша Алуа Нұрман 2027 жылғы фристайл шахматынан әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл нәтиже оны осы бағыттағы үздік шахматшылардың қатарына қосты.
Турнир барысында қазақстандық шахматшы әлем чемпионы Магнус Карлсенмен бірге суретке түсіп, көпшіліктің назарын аударды.


