«Алтын допқа» басты үміткерлердің жаңартылған рейтингі жарияланды

Золотой мяч

Фото: Visionhaus via Getty Images

GIVEMESPORT беделді порталы 2026 жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша «Алтын допқа» басты үміткерлердің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Әлем чемпионатының шешуші кезеңі маусымның ең беделді жеке марапаты үшін күрестегі негізгі факторлардың бірі саналады.

Рейтингтің көш басында қазіргі «Алтын доп» иегері, Франция құрамасы мен «ПСЖ» шабуылшысы Усман Дембеле қалды. Екінші орында оның ұлттық құрамадағы әріптесі және мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе орналасқан. Үздік үштікті Англия құрамасы мен «Баварияның» шабуылшысы Харри Кейн түйіндейді.

Төртінші орын Аргентина құрамасының капитаны Лионель Мессиге бұйырды. Ал алғашқы ондыққа Майкл Олисе, Эрлинг Холанд, Ламин Ямаль, Деклан Райс, Джуд Беллингем және Хвича Кварацхелия да енді. Ал Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду үздік жиырмалықтың қатарына да кірмеді.

GIVEMESPORT сарапшыларының пікірінше, әлем чемпионатының қалған матчтары «Алтын доп» үшін таластағы жағдайды өзгертуі мүмкін. Дегенмен қазіргі таңда басты фаворит ретінде Усман Дембеле қарастырылып отыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді
16 Окт - 08:41 Футбол
«Рига» қорғаушысы «Қайратпен» тең ойыннан кейін пікір білдірді
14 Окт - 18:40 Футбол
«Астана» «Ертісті» жеңіп, ҚПЛ-дағы үшінші орнын нығайтты
14 Окт - 18:00 Футбол
«Қайрат» екі ойында 13 гол соғып, УЕФА Жастар лигасының келесі кезеңіне өтті
14 Окт - 15:15 Футбол
Нұрали Жақсылық «Қайсарда» жалға алу негізінде ойнауын жалғастырады
14 Окт - 13:45 Футбол
Тақырып: «Челси» рұқсат бермеді: Дастан Сатпаевтың алаңға қашан оралатыны айтылды
14 Окт - 09:20 Футбол
Кенжебек пен Самородов үшін маңызды матч: «Ахмат» «Динамоны» қабылдайды
13 Окт - 16:00 Футбол
Лионель Месси әлемдік футболдың болашақ жұлдыздарын атады
13 Окт - 14:27 Футбол
«Ақтөбе» Қазақстан жастар құрамасының вингеріне қызығушылық танытып отыр