Алматыдағы басты жекпе-жек: Рафиков пен Пираев жұдырықтасады

Фаниль Рафиков. Фото: Naiza FC
Қазақстандық ММА спортшысы Фаниль Рафиков 13 маусым күні кәсіпқой бокс ережесімен екінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz. Ол Алматыда өтетін Fight Nights турнирінің басты кездесуіне шығып, ресейлік аралас жекпе-жек шебері Мариф Пираевпен қолғап түйістіреді. Айта кетейік, бұл Пираев үшін бокстағы алғашқы жекпе-жек болмақ.
Кеше қарсыластар салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, оның соңында әсерлі де кернеулі көз арбасу сәті орын алды.
Еске салайық, Фаниль Рафиков ақпан айында Павлодарда кәсіби бокстағы алғашқы кездесуін өткізіп, Ресейлік Ахмед Алиевті (0-1) төрешілер шешімімен жеңген болатын. Бұл жолғы қарсылас – мүлде басқа деңгей.