Алмабаев UFC рейтингінде төмендеді

Асу Алмабаев

Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC ұйымының ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде бір сатыға төмендеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Жаңартылған тізімде ол бұрынғы орнынан бір позицияға сырғыды.

Қазіргі таңда қазақстандық файтер дивизионда сегізінші орында тұр. Бұған дейін ол жетінші орынды иеленіп, бұл позицияны Ирак өкілі Амир Альбазимен бөліскен еді. Рейтингтегі өзгерістер соңғы жаңартудан кейін тіркелді.

Дивизион көшбасшыларының орналасуы өзгеріссіз қалды. Бірінші орында Алешандре Пантожа тұр, одан кейін Манель Капе мен Тацуро Таира орналасқан. Ал чемпиондық белбеу америкалық Джошуа Ванға тиесілі.

Бұған дейін Алмабаев бірінші наурыз күні Мехикода Брэндон Мореноға қарсы жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда дайындық барысында ол спарринг кезінде қолын сындырып алып, ұзақ уақытқа қатардан шығып қалды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру