Александр Меркель ұлттық құрамаға қайта оралғысы келеді

Александр Меркель

Александр Меркель. Фото: Getty Images

Иранның «Нассаджи Мазандаран» командасында доп теуіп жүрген жартылай қорғаушы Александр Меркель Sports24.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан құрамасына қайта қосылуға қарсы еместігін айтты.

«Мен ешқашан Қазақстан құрамасында ойнағым келмейді деп айтқан емеспін. Керісінше, әрдайым мұнда ойнауға ниетім болған», – дейді ол.

Бұл пікір оның ұлттық құрамаға қайта шақырылуы мүмкін деген әңгімелерді жандандырды. Себебі биылғы көктемде бас бапкер Әли Әлиев Қазақстанда туған тағы бір ойыншы – Георгий Жуковты шақырған болатын.

Александр Меркель 2015 жылы алғаш рет Исландиямен өткен жолдастық кездесуде ұлттық құрама жейдесін киген. 2019 жылы Михал Билек те оны шақырды, бірақ кейінірек қос азаматтыққа байланысты мәселе туындап, ол құрамадан тыс қалды. Қазақстан заңнамасы қос азаматтықты мойындамайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді