Александр Ковригин Алматыда өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр

Фото: instagram/alexx_boxing
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Александр Ковригин 27 желтоқсанда Алматы қаласында кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Спортшының рингке қайта оралуы Ali Akhmedov Promotions промоутерлік компаниясының ресми хабарламасында расталды.
Александр Ковригин соңғы жылдары халықаралық деңгейде өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшылардың бірі саналады. Ол кәсіби мансабында бірқатар маңызды жекпе-жектерге қатысып, тәжірибе жинақтады. Алайда соңғы кезеңде оның мансабы күрделі сынақтарға тап болды. Боксшы соңғы екі кездесуін Эр-Риядта өткен WBC Гран-приі аясында өткізіп, екеуінде де жеңіліс тапты.
Алғашқы жекпе-жек 17 сәуір күні өтті. Бұл кездесуде Ковригин америкалық Трой Нэшке төрешілердің бөлінген шешімімен жол берді. Ал 21 маусымда өткен екінші айқаста ол нигериялық Юсуф Адениджиге төрешілердің басым дауысымен жеңілді. Бұл нәтижелер қазақстандық боксшының қазіргі көрсеткішіне әсер етіп, оның кәсіби рекорды 8 жеңіс пен 2 жеңілістен тұрады, соның алтауы нокаутпен аяқталған.
Қазақстандық киберспортшы ойнайтын FURIA StarLadder Budapest Major 2025 турнирін аяқтады
Әліби Ыдырыс UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне сенімді дайындалуда
