Александр Бублик Мец қаласында өтетін ATP 250 турниріне қатысады
Теннис
Фото: Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 2–8 қараша аралығында Францияның Мец қаласында өтетін ATP 250 санатындағы турнирге қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Бұл — Бубликтің Қытайдағы Masters турнирінен кейінгі алғашқы жарысы болмақ. Сол додада ол екінші айналымда Монако өкілі Валантен Вашероға (әлемдік рейтингте 202-орын) сенсациялық түрде есе жіберген еді.
Теннисші бұған дейін 11–19 қазан аралығында Алматыда өтетін Almaty Open турниріне қатысуды жоспарлаған, алайда жарақатына байланысты алаңға шыға алмады. Енді ол Мецтегі жарысқа тыңғылықты дайындық үстінде.
Автор туралы
Айбар Рысдаулет
Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.