Ахметов пен Сехудо көз арбасып, көрермен назарын өзіне аудартты

Кайрат Ахметов. Фото: ONE FC
27 мамыр күні Астанада аралас жекпе-жектен «ALASH PRIDE-108» атты мерейтойлық турнир өтеді. Бұл жарыс отандық лиганың 15 жылдығына арналып, Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады.
Басты кардта еліміздің белді спортшылары — Дамир Исмағұлов, Қайрат Ахметов, Арман Оспанов және UFC-дің бұрынғы чемпиондары Алджамейн Стерлинг пен Ренан Барао өнер көрсетеді.
Салмақ өлшеу рәсімінде Қайрат Ахметов пен Генри Сехудо арасындағы көз арбасу сәті жанкүйерлердің ерекше ықыласына ие болып, турнир алдындағы басты оқиғаға айналды.
Турнирге құрметті қонақ ретінде Генри Сехудо мен Дэйвисон Фигередо шақырылған. Ұйымдастырушылар бұл кештің халықаралық деңгейде өтетін ауқымды шоу болатынын атап өтті.