Әлімханұлы біріккен белбеулер жекпе-жегіне жақындап қалды

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы. Фото: Getty Images

WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан біріккен жекпе-жекке қатысты келіссөздер барысын айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Оның сөзінше, команда кез келген шартқа дайын. «Біздің мақсат – тарихқа ену. Жәнібек төрт чемпиондық белбеуді иеленіп, қазақ баласының атын алтын әріппен жазуы керек. Біз тек осы оймен алға басып келеміз», – деді Сұлтан.

Менеджердің айтуынша, күтуге уақыт аз қалған. Егер келіссөздер нәтижесіз болса, Әлімханұлы міндетті түрде өз белбеулерін қорғауға тиіс. «Қорғай алмасақ, бұл да жаман болады. Сондықтан бұл мәселені де қадағалап отырмыз», – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, Жәнібектің келесі қарсыласы WBC чемпионы Карлос Адамес болуы мүмкін екені бұған дейін хабарланған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
29 Янв - 13:22 Бокс
Өзбекстанның этникалық қазағы енді Қазақстан намысын қорғайды
28 Янв - 20:05 Бокс
Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби боксқа қайта оралуы мүмкін
24 Янв - 12:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та өткен жекпе-жекте кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
23 Янв - 08:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та кәсіби мансабын жалғастырады
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді