ӘЧ-2026 турниріне ең көп ойыншы АПЛ-дан шақырылды

АПЛ

АПЛ. Фото: Getty Images

Ағылшын Премьер-лигасы ӘЧ-2026 турниріне қатысатын футболшылар саны бойынша барлық ұлттық чемпионаттардың көшін бастады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Алдағы әлем чемпионатына АПЛ клубтарында өнер көрсететін 166 футболшы қатысады. Бұл – барлық лигалар арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

2026 жылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет 48 құраманың қатысуымен өтеді. Турнирге жалпы саны 1248 футболшы тіркелген.

Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында Германия Бундеслигасы тұр. Неміс чемпионатынан ӘЧ-2026-ға 101 ойыншы шақырылды. Одан кейін Испанияның Ла Лигасы (82), Францияның Лига 1 чемпионаты (81) және Италияның А сериясы (66) орналасқан.

Сауд Арабиясының Про-лигасы 46 футболшымен алтыншы орынға жайғасты. АҚШ-тың МЛС лигасы мен Түркия Суперлигасынан 43 ойыншыдан қатысады. Ал алғашқы ондықты Англия Чемпионшипі (37) мен Нидерландтың Эредивизи чемпионаты (34) түйіндейді.

ӘЧ-2026 турнирі 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Қазіргі әлем чемпионы – Аргентина құрамасы. Оңтүстік америкалықтар 2022 жылғы финалда Францияны пенальти сериясында жеңіп, чемпион атанған болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
11 Окт - 15:02 Футбол
Винисиус Жуниор қызыл қағазға байланысты «Эль-Класиконы» өткізіп алуы мүмкін
11 Окт - 10:18 Футбол
«Бернли» бапкері Дастан Сәтпаевтың алаңдағы уақытын неге шектегенін түсіндірді
09 Окт - 16:20 Футбол
Дастан Сәтбаев «Уотфордқа» қарсы матчтың болжамды бастапқы құрамына енбеді
09 Окт - 15:45 Футбол
Асқар Қожабергенов «Елімай» мен «Ақтөбе» арасындағы матчқа болжам жасады
09 Окт - 15:05 Футбол
«Челси» Френки де Йонгтың «Барселонадағы» жағдайын бақылап отыр
09 Окт - 14:29 Футбол
Қазақстан U-16 «Вильярреал» академиясымен тең түсті
09 Окт - 13:00 Футбол
«Тобол» қызметкері ҚФФ-ға түсініктеме беруге шақырылды
09 Окт - 10:20 Футбол
«Манчестер Юнайтед» «Фрайбург» шабуылшысы үшін күресте «Арсенал» мен «Челсиден» озып шықты
09 Окт - 10:02 Футбол
Дастан Сәтбаев «Уотфордқа» қарсы матчта алаңға оралуы мүмкін
08 Окт - 17:21 Футбол
«Қайрат» Жоржиньомен келісімшартты 2027 жылдың соңына дейін ұзартты