Әбілхайыр Шегалиев келесі жекпе-жегін Қазанда өткізеді

Абилхайыр Шегалиев

Фото: Boxen1.com

Кәсіби боксшы, қазақстандық Әбілхайыр Шегалиев (9-2-1, 4 КО) 29 тамызда Қазан қаласында рингке оралады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Оның қарсыласы – ресейлік Ибрагим Эстемиров (4-1, 3 КО). Кездесу екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді және алты раундқа жоспарланған.

Шегалиев соңғы жекпе-жегін 1 наурызда Австралияның Брисбен қаласында өткізіп, жергілікті боксшы Джек Боуэнге (12-1, 9 КО) төрешілер шешімімен ұтылған.

Эстемировтың да соңғы кездесуі сәтсіз аяқталды: ол 2024 жылғы 25 қазанда Мәскеуде танзаниялық Абдул Убайяға (9-4, 5 КО) нокаутпен есе жіберді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру