Адиев «Крылья Советовтан» кете ме?

Магомед Адиев

Магомед Адиев. Фото: Icon Sportswire via Getty Images

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Самараның «Крылья Советов» клубынан он күннің ішінде кетуі мүмкін, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz Telegram-дағы «Топи за Крылья» арнасына сілтеме жасап.

16 маусым күні Самарада жаңа бапкерлік штаб пен ойыншылар арасында алғашқы кездесу өтіп, кейін алғашқы жаттығу ұйымдастырылған. Алайда жаттығуға небәрі 10 футболшы ғана қатысқан, ал Александр Солдатенков аурудан кейін жеке дайындалған.

Егер маусым айының соңына дейін команда сапы РПЛ деңгейіндегі ойыншылармен толықтырылмаса, Магомед Адиев өз еркімен қызметінен кетуі ықтимал. Ол клуб басшылығынан нақты қолдау күтіп отыр және уәде беріп, орындамайтын жағдайларда абыройын қатерге тігуді қаламайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр
05 Мар - 21:22 Футбол
Ханси Фликтің «Барселонадағы» болашағы клуб президенті сайлауына байланысты
05 Мар - 20:11 Футбол
Жекеменшікке өткен «Ордабасы» атауын өзгертуі мүмкін