Абиба Абужақынова Австриядағы Гран-при жеңімпазы атанды

Абиба Абужакынова

Абиба Абужакынова

Қазақстандық дзюдо шебері Абиба Абужақынова Австрияның Линц қаласында өткен Гран-при турнирінде топ жарды. Ол 48 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленді.

Финалда Абиба жапониялық Сачиё Ёшиноны 10-1 есебімен сенімді жеңді. Қазақстандық спортшы белдесуді толық бақылауда ұстап, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ.

Жеңіске жету жолында ол Мизуку Харада (Жапония), Жаклин Шпрингер (Австрия) және Эмбер Герсджесті (Нидерланды) жеңіп шықты. Әр кездесуде шеберлігі мен мықты дайындығын дәлелдеді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру