Абат Айымбетов «Ақтөбеге» оралуға жақын

Абат Аймбетов

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын «Ақтөбеде» жалғастыруға жақын, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Amanvibe.kz мәліметінше, шабуылшы туған клубына қайта оралмақ.

Айымбетов – ақтөбелік футболдың түлегі. Ол 2013 жылдан 2020 жылға дейін «Ақтөбе» сапында өнер көрсетіп, осы уақыт аралығында 124 ресми матчқа қатысып, 25 гол соғып, жеті нәтижелі пас берген.

2026 жылдың басында қазақстандық шабуылшы Румыния чемпионатында өнер көрсетіп, «Петролул» клубының намысын қорғады. Ол Румыния біріншілігінде тоғыз матч өткізіп, бір голдың авторы атанды.

Мансабында Абат Айымбетов «Қайрат», «Астана», Ресейдің «Крылья Советов» және Түркияның «Адана Демирспор» клубтарында да ойнады. Ол «Ақтөбе», «Қайрат» және «Астана» сапында Қазақстан чемпионы атанып, ел Суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, 2020/21 жылғы маусымда «Крылья Советовпен» бірге Ресейдің Бірінші лигасының жеңімпазы болды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар