18 жастағы Алуа Нұрман Азия чемпионы атанды

Алуа Нурман

Алуа Нурман. Фото: Chess.com

Қазақ қызы Алуа Нұрман блиц шахматтан Азия чемпионы атанды. Жарыс Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өтті. Қатысушылар 3+2 уақыт бақылауымен тоғыз тур ойнады.

Алуа әйелдер арасындағы бәсекеде бірінші орынды иеленді. Ол шешуші қосымша көрсеткіштер бойынша 36 жастағы тәжірибелі қарсыласы, Ресейден келген Валентина Гунинаны артқа тастады.

Айта кету керек, Алуа жарыс басталарда фавориттер қатарында болмаған. Ол бастапқы тізімде тек 11-ші орында тұрған еді.

Қазақстан шахмат федерациясы бұл жеңісті жоғары бағалап, «Нұрманның жетістігі – отандық шахмат мектебінің қуатының дәлелі. Жастар алға шықты. Қазақ қыздары Азияның үздіктерімен терезесі тең ойнап, ел мерейін асырып жүр» деп мәлімдеді.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру