ФИФА рейтингінде Қазақстан екі сатыға төмендеді

Сборная Казахстана

Фото: CameraSport

ФИФА ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстан екі орынға құлдырап, 116-орынға түсті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz Football-ranking.com сайтына сілтеме жасап.

Қыркүйекте өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарынан кейін құрамамыз 7,43 ұпай жоғалтты. Қазақстан қазір Вьетнамнан (115-орын) кейін, Индонезияның (117-орын) алдында тұр.

Айта кетейік, соңғы ойындарда Қазақстан Уэльстен (0:1) ұтылып, сырт алаңда Бельгиядан (0:6) ірі есеппен жеңілді. Осылайша, құрама алдағы мундиальға шығу мүмкіндігін жоғалтты.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру