Қазақстандық бадминтоншылар Ирандағы турнирде төрт медаль жеңіп алды

Иранның Энзели қаласында өткен ірі халықаралық бадминтон турнирінде Қазақстан құрамасы төрт жүлде иеленді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Дмитрий Панарин ерлер арасындағы жекелей сында топ жарды. Сондай-ақ ол Наргиза Рахметуллаевамен бірге аралас жұптық сынның жеңімпазы атанды.
Одан бөлек, тағы екі қазақстандық жұп қола медальға қол жеткізді: Хайтмурат Құлматов/Диана Наменова және Жәңгір Ибраев/Алиса Кулешова.