Қазақстандық маунтинбайкшілер Швейцариядағы әлем чемпионатына қатысады

Қазақстан құрамасы 11–14 қыркүйек аралығында Швейцарияның Кран-Монтана қаласында өтетін маунтинбайктан әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Жарыста ел намысын қос спортшы — Денис Сергиенко мен Егор Карасев қорғайды.
Бұл қазақстандық велоспортшылар үшін маусымның ең ірі додасында бағын сынап, рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік болмақ.