Артём Резниковтың жаңа қарсыласы анықталды

Артем Резников

Фото с открытых источников

Қазақстандық ММА жауынгері Артём Резников (25-10) 14 қыркүйекте Алматыда өтетін ACA 192 турнирінде жаңа қарсыласпен күш сынасады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Алғашында ол бразилиялық Хакран Диаспен (28-12-1) кездесуі тиіс еді, алайда қарсыласы жарақат алып, жарыстан шеттеді. Оның орнына октагонға тағы бір бразилиялық спортшы — Рауш Манфио (17-8) шығады. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді.

Бұл кездесу Резников үшін қатарынан екі жеңілістен кейін қайтадан жеңіс жолына оралуға мүмкіндік болмақ. Бұған дейін ол Юсуф Раисовтан нокаутпен, ал Дауд Шайхаевтан сабмишенмен жеңілген.

Рауш Манфио да соңғы төрт жекпе-жегінде жеңіліп жүр. Оның соңғы жеңісі 2023 жылдың сәуірінде тіркелген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Дек - 13:39 ММА
UFC-дегі тарихи қадам: Әліби Ыдырыс алғашқы жекпе-жекте жойқын қарсыласпен кездеседі
06 Дек - 16:47 ММА
Конор Макгрегор UFC-дегі үшінші чемпиондық атаққа қол жеткізуді мақсат етіп отырғанын мәлімдеді
04 Дек - 15:51 ММА
Қаршыға Дәуітбек Rizin турнирінде жылды қорытындылайды
04 Дек - 12:05 ММА
Алмахан Дубайдағы жекпе-жектен кейін рейтингте төмендеді
02 Дек - 09:18 ММА
Қуат Хамитов Зубайра Тухуговпен бокс жекпе-жегін ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасады
30 Ноя - 11:44 ММА
Балғын Жеңісұлы Нұрбек Қабдрахмановтан есе қайтарып, Naiza FC лигасының жаңа чемпионы атанды
26 Ноя - 16:43 ММА
Жұман Жұмабеков NAIZA 78 турнирінде жекпе-жек өткізеді
25 Ноя - 18:58 ММА
Әли Абдель-Азиз Ислам Махачевтің келесі қарсыласын атады
25 Ноя - 17:04 ММА
DAR Team бас бапкері Шавкат Рахмоновтың UFC рейтингіндегі орнын бағалады
25 Ноя - 15:36 ММА
Алматы 2026 жылы UFC турнирін өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр