UFC 319 турнирінің барлық нәтижесі: Чимаев – Дю Плесси

Хамзат Чимаев

Фото: Zuffa LLC

Чикагода өткен UFC 319 турнирінің басты жекпе-жегінде Хамзат Чимаев төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен (50–44) Дрикус Дю Плессиін жеңіп, орта салмақта UFC чемпионы белдігін иеленді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Кештің басқа жекпе-жектерінде Лерон Мерфи алғашқы раундта Аарон Пиконы нокаутқа жіберсе, Карлос Пратес те Джефф Нилді бірінші раундта тоқтатты. Майкл Пейдж Джаред Канноньеге қарсы кездесуде ұпай санымен (29–28) басым түсті. Ал Тим Эллиотт Кай Асакураны екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді.

Сонымен қатар Байсангур Сусурқаев Эрик Ноланды тұншықтыру әдісімен ұтты, Михал Олексейчук Джеральд Мершартты техникалық нокаутпен тоқтатты, ал Лупита Годинес төрешілер шешімімен Джессика Андрадеден айласын асырды. Сондай-ақ Александр Эрнандес (Чейс Хуперді ТКО), Драккар Клозе (Эдсон Барбосаны ұпай санымен) және Карине Силва (Диона Барбосаны ұпай санымен) жеңіске жетті.

The Ultimate Fighter 33 шоуының финалында америкалық Джозеф Моралес екінші раундта тұншықтыру әдісін қолданып, қазақстандық Әліби Ыдырысты тоқтатты. Бұл Ыдырыстың кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі болды, ал Моралес UFC-мен келісімшартқа қол жеткізді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру