ACA Алматыдағы турнирде Бақытжанұлымен жекпе-жек өтетін қарсыласын жариялады

Асылжан Бакытжанулы

Фото: Наше Дело

Absolute Championship Akhmat ұйымы қазақстандық файтер Асылжан Бақытжанұлының (16-5-1) ACA 192 турнирінде өнер көрсететінін растады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

14 қыркүйекте ол ресейлік Евгений Ерохинмен (26-11) октагонға шығады. Бастапқыда Бақытжанұлының қарсыласы UFC-де жұдырықтасқан Ресей спортшысы Максим Гришин (34-10-2) болуы жоспарланған еді.

Асылжан соңғы жекпе-жегін маусым айында өткізіп, армяндық Григор Матевосянға (14-5) төрешілер шешімімен жол берген. Ал Ерохин ақпанда өткен айқаста өз отандасы Муслим Магомедовке (15-0) дәл осындай шешіммен жеңілген болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру