Регламент бұзғаны үшін «Жетісуға» техникалық жеңіліс берілуі мүмкін

Жетысу Окжетпес

Фото: Окжетпес

ҚПЛ-дың 20-турындағы «Оқжетпес» – «Жетісу» (1:2) матчының нәтижесі техникалық жеңіліске өзгертілуі ықтимал, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Telegram-дағы «Серый CARDINAL» арнасының мәліметінше, бұған Нұрбол Ануарбековтың бір тур аясында екі түрлі клуб үшін алаңға шығуы себеп. 9 мамырда ол 20-турдың кейінге шегерілген ойынында «Женис» сапында өнер көрсетті. Ал сенбі күні дәл осы тур аясында «Жетісу» құрамында «Оқжетпеске» қарсы ойнап, бір гол соқты.

Бұл жағдай регламенттің 6.56-тармағын бұзады, онда бір турда бір ойыншының екі клуб үшін ойнауына тыйым салынған. 6.118-тармақ бойынша мұндай ережелерді сақтау мен бақылау клубтың міндетінде. Егер бұл факт расталса, «Жетісудың» жеңісі жойылып, «Оқжетпеске» техникалық жеңіс беріледі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру