Станислав Черчесов «Ахмат» клубына қайта оралады

Станислав Черчесов

Фото: Getty Images

Станислав Черчесов пен грозныйлық «Ахмат» клубы үш жылдық келісімшартқа келісті. Бұл туралы клубтың бас директоры Ахмед Айдамиров мәлімдеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұған дейін команда төрт матч қатарынан жеңіліп, бас бапкер Александр Сторожук қызметінен кеткен болатын. Жаңа маусымдағы сәтсіз бастамадан кейін клуб басшылығы дереу Черчесовпен келіссөз бастаған.

Айта кетейік, ресейлік маман бұған дейін 2011–2013 жылдары «Терек» (қазіргі «Ахмат») клубын жаттықтырып, 2012/13 жылғы маусымда команда тарихындағы ең жоғары – сегізінші орынды иеленген.

Черчесовтің соңғы жұмыс орны – Қазақстан құрамасы болды. Алайда 2024 жылдың жазында тағайындалған бапкер 2025 жылдың қаңтарында қызметінен кетті. Ұлттар лигасының топтық кезеңінде Қазақстан алты ойында бес рет жеңіліп, бірде-бір гол соқпады. Жалпы доп айырмасы – 0:15. Соңғы матчта Норвегиядан 0:5 есебімен жеңілді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
02 Авг - 12:17 Футбол
«Челсидің» жанкүйерлік парақшасы Уэлбектің трансфері Сатпаевқа қалай әсер ететінін бағалады
02 Авг - 08:11 Футбол
ФИФА УЕФА қарсылығынан кейін даулы жобадан бас тартты
01 Авг - 13:02 Футбол
«Арсенал» Винисиуспен келісімге келіп, «Реалға» ұсыныс дайындап жатыр
30 Июл - 23:11 Футбол
«Тобыл» пенальти сериясында жеңіске жетіп, Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
30 Июл - 20:45 Футбол
УЕФА ФИФА турнирлеріне бойкот жариялауы мүмкін екенін мәлімдеді
29 Июл - 23:11 Футбол
«Қайрат» қатарынан екінші маусымда еурокубоктың негізгі кезеңінде ойнайды
29 Июл - 22:39 Футбол
«Қайрат» драмалық матчта Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
29 Июл - 15:05 Футбол
ПСЖ Родри үшін «Реалмен» таласқа қосылды
29 Июл - 13:45 Футбол
«Қайрат» – «Омония» матчын қайдан көруге болады
29 Июл - 10:55 Футбол
«Ювентус» Джошуа Зиркзеені жалға алуға жақын