«Барыс» жаңа маусымға дейін шетелдік ойыншылармен күшеймек

«Барыс»
Астананың «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ-дың жаңа маусымына дейін құрамына бірқатар шетелдік ойыншы қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
«Трансферы КХЛ | ХОККЕЙ» телеграм арнасының жазуынша, клуб 8–10 легионермен келісімшартқа отыруға ниетті. Мұндай қадам өткен маусымдағы сәтсіз нәтижелерден кейін жасалып отыр.
Айта кетейік, жақында «Барыстың» тізгінін ресейлік маман Михаил Кравец қолға алды. Оның келісімшарты 2026 жылдың 31 мамырына дейін есептелген, әрі қарай тағы бір маусымға ұзартуға мүмкіндік бар.
Өткен маусымда елордалық клуб ҚХЛ чемпионатының жалпы кестесінде соңғы орынды қанағат тұтқан еді.