«Астананың» Конференция Лигасындағы ықтимал қарсыласы белгілі болды

ФК Астана

Фото: ФК «Астана»

Швейцарияның Ньон қаласында Конференция Лигасының плей-офф кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Егер елордалық клуб үшінші кезеңнен өтсе, келесі қарсыласы «Сент-Патрикс Атлетик» (Ирландия) — «Бешикташ» (Түркия) жұбының жеңімпазы болмақ. Бұл кезеңнің ойындары 21 және 28 тамызда өтеді.

Еске салайық, «Астана» еурокубоктық маусымын екінші іріктеу кезеңінен бастады. Команда екі матч қорытындысы бойынша «Зимбрудан» 3:1 есебімен басым түсті. Енді швейцариялық «Лозаннамен» кездеседі.

Айта кетейік, еліміздің тағы бір өкілі – «Қайрат» Чемпиондар лигасында ел намысын қорғауда.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру