Сон Хын Мин MLS клубына ауысуға жақын

Сон Хын Мин

Фото: Getty Images

Лондондық «Тоттенхэм» капитаны Сон Хын Мин АҚШ-тың «Лос-Анджелес» клубына ауысуға алдын ала келісім берді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Осы аптада 33 жастағы шабуылшы клуб басшылығынан жазда командадан кетуге рұқсат сұрағанын растады. Ол мансабында жаңа кезеңді Еуропадан тыс жерде жалғастырғысы келеді. Ақпарат көздерінің мәліметінше, Сон «Лос-Анджелесті» таңдаған, ал екі клуб арасындағы келіссөздер белсенді жүріп жатыр.

Америкалық клуб трансфер үшін шамамен 15 миллион фунт ұсынуға дайын. Алайда «Тоттенхэм» бұл келісім үшін 20 миллион сұрайды. Бұл — Сауд Арабиясы клубтары ұсынған 30 миллионнан едәуір аз.

«Лос-Анджелес» бұл келісімді шындап қолға алғанын Оңтүстік Кореяға арнайы делегация жіберу арқылы дәлелдеп отыр. Қазір Сон «Тоттенхэммен» бірге маусым алдындағы турда жүр. 3 тамыз күні Сеулде өтетін «Ньюкаслға» қарсы жолдастық кездесуден кейін тараптар соңғы шешім қабылдауды жоспарлап отыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар