Рыбакина Монреальдегі жеңісі үшін $100 мыңнан астам табыс тапты

Елена Рыбакина

Фото: Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

1/8 финалда Елена әлемнің 35-ракеткасы украиналық Даяна Ястремскаяны жеңіп, келесі кезеңге өтті. Бұл жеңіс оған 107 000 АҚШ доллары көлемінде жүлде мен 215 рейтингтік ұпай әкелді.

Турнирдің жалпы жүлде қоры — 5 152 199 доллар. Чемпион атанған теннисші 752 275 доллар және 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Айта кетейік, былтырғы жылдың жеңімпазы америкалық Джессика Пегула (WTA рейтингінде 4-орын) бұл жолы атағын қорғай алмады. Ол үшінші кезеңде жарыстан шығып қалды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру