Бауыржан Исламхан Кишинёвте «Астана» сапына қосылды

Бауыржан Исламхан

Фото: ФК Астана

«Астананың» жаңа ойыншысы Бауыржан Исламхан Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Зимбруға» қарсы қарымта ойын алдында Кишинёвтегі команда базасына келіп қосылды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Алайда жартылай қорғаушы бұл ойында алаңға шықпайды. Қарымта кездесу 31 шілде күні өтеді. Алғашқы матч Астанада өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Жеңіске жеткен команда келесі кезеңде «Вардар» мен «Лозанна» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Исламхан бұған дейін негізінен «Қайрат» сапында ойнады. Сондай-ақ ол «Тараз», «Ордабасы», «Тұран», Ресейдің «Кубань» және БАӘ-нің «Аль-Айн» клубтарында өнер көрсеткен.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру