UFC on ABC 9 турнирінің барлық нәтижесі

Петр Ян

Фото: Чемпионат

26 шілде күні Абу-Дабиде UFC on ABC 9 турнирі өтті. Кештің басты айқасында нидерландтық файтер Ренье де Риддер австралиялық Роберт Уиттакерді төрешілер шешімімен жеңіп шықты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Турнир барысында өзге де тартысты кездесулер өтті. Ресейлік Пётр Ян америкалық Маркус Макгиден басым түсті. Шарабутдин Магомедов Марк-Андре Баррионы ұтты, ал қазақстандық Асу Алмабаев Хосе Очоаны жеңіп, кәсіби мансабындағы 22-жеңісіне қол жеткізді.

Бұдан бөлек, Богдан Гуськов, Брайс Митчелл, Муслим Салихов, Дэйви Грант, Табата Риччи, Билли Элекана, Стивен Нгуен және Мартин Будай өз жекпе-жектерінде жеңіске жетті.

  • Ренье де Риддер Роберт Уиттакерден басым түсіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті;
  • Пётр Ян Маркус Макгиді бірауыздан жеңді;
  • Шарабутдин Магомедов Марк-Андре Баррионы ұпаймен ұтты;
  • Асу Алмабаев Хосе Очоадан айқын басым түсті;
  • Богдан Гуськов Никита Крыловты техникалық нокаутпен тоқтатты;
  • Брайс Митчелл Саид Нурмагомедовті төрешілер шешімімен жеңді;
  • Муслим Салихов Карлос Леалды нокаутқа түсірді;
  • Дэйви Грант Дэ’Мон Блэкширді ұпай санымен ұтты;
  • Табата Риччи Аманда Рибасты техникалық нокаутпен жеңді;
  • Билли Элекана Ибо Асланды төрешілер шешімімен тізе бүктірді;
  • Стивен Нгуен Мохаммад Яхьяны техникалық нокаутпен тоқтатты;
  • Мартин Будай Маркус Алмейдуге қарсы жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру