Рыбакина мен Радукану жартылай финалды аяқтамай кетті

Елена Рыбакина

Елена Рыбакина

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен оның серіктесі Эмма Радукану Вашингтондағы жұптық жарыстың жартылай финалынан бас тартты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Чжан Шуай мен Тэйлор Таунсендке қарсы матчтың алғашқы сетінде 1:4 есебі тіркелген сәтте қос теннисші ойынды тоқтатуға мәжбүр болды. Себеп – Эмма Радуканудың аптап ыстыққа байланысты өзін жайсыз сезінуі.

Екі спортшы да WTA-500 турнирінің жеке жарысында өнер көрсетіп жатқандықтан, денсаулықты сақтау мақсатында бұл шешім қабылданған.

Чжан мен Таунсенд енді финалда америкалықтар Софья Кенин мен Кэролайн Доулхайдпен кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру