Амир Омарханов Уимблдон турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Амир Омарханов и Егор Плешивцев. Фото: пресс-служба ФТК
Амир Омарханов жасөспірімдер арасында жұптық сында Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық теннисші ресейлік Егор Плешивцевпен бірге ширек финалда оңтүстікамерикалық Коннор Доиг – үндістандық Криш Тьяджимен кездесті.
Бірінші партияны қазақстандық-ресейлік дуэт брейкпен аяқтады – 6:4. Олар екінші сетте де 4:2 есебімен алға шыққанымен, оңтүстікамерикалық-үндістандық жұп таразы басын теңестірді. Тай-брейкте Әмір мен Егор жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8).
Өткен жылы Амир Ролан Гаррос турнирінде ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге жартылай финалда өнер көрсеткен еді.
Омарханов – Қазақстан теннисі тарихында жасөспірімдер арасында осындай табысқа жеткен үшінші спортшы. 1997 жылы Ирина Селютина зимбабвелік Кара Блэкпен бірге Франция ашық чемпионаты мен Уимблдонда үздік шыққан еді. Сондай-ақ Әмина Рахым 2005 жылы Ролан Гарростың финалына, АҚШ чемпионатының жартылай финалына дейін жетті. Бір жылдан кейін Аустралия біріншілігінің жартылай финалында ойнады.
Рауан Бекболат Brave лигасында чемпиондық белбеу үшін айқасады
Вайсс «Қайратқа» қайта оралуы жайлы айтты
