Алькарас Уимблдонның жартылай финалына жолдама алды

Фото: Getty Images
Карлос Алькарас Кэмерон Норриді еш қиындықсыз ұтып, Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылып, испаниялық теннисшінің пайдасына 6:2, 6:3, 6:3 есебімен аяқталды. Алькарас 13 эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді және 11 брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланған. Норри тек үш рет эйс жасап, бес брейк мүмкіндігін мүлт жіберді.
Енді Алькарас жартылай финалда АҚШ өкілі Тейлор Фрицпен кортқа шығады. Турнирде титул қорғап жатқан испаниялық спортшы жеңіске деген сенімді қадамдарын жалғастыруда.
Бұл жеңіс Алькарас үшін тағы бір маңызды белес саналады.