Қазақстан құрамасы ушу саньдадан Азия кубогынан 7 жүлдемен оралды

8b95f0f7b3edcc051737e73296a151e9

Қытайдың Цзилинь қаласында ересектер арасындағы ушу саньдадан Азия кубогы мәресіне жетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Байрақты бәсекеге Азия мен Тынық мұхиты аймағынан 21 елдің 200-ге жуық спортшысы қатысты.

Қазақстан құрамасы турнирге 9 спортшысын қосып, 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Алтын жүлдені 65 келіде өнер көрсеткен Бексұлтан Қоскенов иеленді. Дияр Хамраев (90 кг) пен Ислам Иминов (48 кг) күміс жүлдегер атанды.

Қола жүлде Карим Иминжанов (56 кг), Нұрислам Авутов (52 кг), Расул Тұрғанжанов (75 кг), Юлтуз Юлдашева (60 кг) және Карина Исмаиловаға (75 кг) бұйырды.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы жарысты 6-орынмен аяқтады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:00 Басқа
Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын құрамы жарияланды
21 Окт - 10:30 Басқа
Қазақстандық садақшылар Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 09:05 Басқа
Ислам Салимов Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 08:30 Басқа
Махамбет Серікқалиев Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 12:00 Басқа
Биржан Оразов: Қазақстан құрамасының мақсаты – іріктеу тобында бірінші орын алу
20 Окт - 11:20 Басқа
Севда Әлиева Азия Пара ойындарында үздік алтылыққа енді
20 Окт - 10:49 Басқа
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Budapest Trophy додасында жүлдесіз қалды
20 Окт - 09:15 Басқа
Қазақстан пара үстел теннисінен Азия Пара ойындарындағы алғашқы медальдарын алды
20 Окт - 08:20 Басқа
Гүлім Құрманбаева Азия Пара ойындарында жүлдеге сәл жетпей қалды